“Жағымпаздық жырларымен” танылған ақын Балтабек өзін бүгінгінің Бұқар жырауы деп атауда

Жағымпаздық жырларымен” танылған ақын Балтабек Нұрғалиев өзін бүгінгінің Бұқар жырауы деп таныстырып жүр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нұрсұлтан Назарбаевты және оның туыстарын жырлап, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең жазып жүрген ақын Балтабек Нұрғалиев Facebook парақшасына “Бүгінгінің бұқары Балтабектің үкіметке айтқаны” атты жаңа өлеңі мен Бұқар жыраудың суретін жариялаған.

Оған пікір білдірушілер не үшін Бұқар жыраудың суретін қойғанын сұрады. Ал ол “мен қазіргі заманның Бұқарымын” деп жауап берген.