Жалған СОБР (арнайы жедел әрекет ету) қызметкерлерімен келіп қорықшыны сабаған эко полиция жазадан жеңіл құтылмақшы

Жалған СОБР (арнайы жедел әрекет ету) қызметкерлерімен келіп қорықшыны сабаған эко полиция жазадан жеңіл құтылмақшы

«Айша» ЖШС-нің қорықшысы Ж. Нысанбаевты ес-түссіз етіп ұрған және осыны ұйымдастырған Келес аудандық эко полициясы Ж. Сапарбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық істі Түркістан облысы ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі осы уақытқа дейін созып келді. Алайда СОБР деп таныстырған бейтаныс полицейлерді анықтау мен орта дене жарақатын алған азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысында құқық қорғау органдары қорғаудың орнына қорлаумен келеді. Осы іске байланысты адам құқығын қорлау  жағдайы неше рет қайталанса да Ж. Сапарбаевқа ешқандай шара қолданылмауы себебінен, бұл эко полициясының ісін (қылмысын) дисциплинарлық комиссияда қарауын талап етемін. Өйткені Келес аудандық полиция басшысы Б. Қаныбеков ешқандай шара көрсететін емес.

 

Халық арасында жанжал болса тергеу бір айдың ішінде бітіп, іс сотқа өтеді. Ал полиция қызметкерлерінің қылмысы жасырылып, созылып, болмаса сотқа дейін қысқарып кетеді.

Жалған СОБР (арнайы жедел әрекет ету) қызметкерлерімен келіп қорықшыны сабаған эко полиция жазадан жеңіл құтылмақшы

Авторы: Жангелді Нысанбаев