Жаңаөзенде баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

Жаңаөзен қаласында кішкентай қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар полицияға ұстап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 28 мамыр күні сағат 17.00 шамасында болған.

Сол уақытта жергілікті 102 кезекшінің пультіне Жаңаөзен қаласындағы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болғаны туралы тұрғындар хабарлаған.

Бұл дерек ҚР ҚК 124-бабы бойынша Жаңаөзен қаласы ПБ ЕҚДБ-да тіркелген. 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады облыс ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.