“Жасай бер, орыс тілім!” Ақын Балтабек Нұрғалиев

Ақын Балтабек Нұрғалиев орыс тіліне арнап өлең жолдарын жазыпты 

Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,

Мен өзіңді білуге борыштымын.

Орыс тілін білмесем егерде мен,

Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.

Орыс тілім — қанатым қалықтаған,

Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.

Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,

Ұлылығын айтудан жалықпағам.

Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,

Өзім білем мен оған сыйынсам да.

Орыс тілі — жанымның шамшырағы,

Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.

Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,

Әлемдегі хаттарды, хабарларды.

Сүюге де міндеткер емеспін мен,

Орыс тілін сүймейтін адамдарды.