Қарағандылық жедел жәрдем көлігінің зардап шеккен жүргізушісі құқық бұзушыны кешіруге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, ол өзін ұрған адамды түрмеге отырғызуды ойламаған деп хабарлайды Altyn-orda.kz .
« Біз Алланың құлымыз, мен оны сотқа беріп, түрмеге отырғызамын деп айтқан жоқпын. Біз бәріміз пенлеміз . Елімізде тыныштық болсын. Денсаулығыма келетін болсақ, мен қазір жақсымын. Мұрынға жасалған алғашқы операция сәтті өтті. Енді екіншісін күтіп отырмыз. Әр қазақ мен үшін ағайын. Осыған түсіністікпен қарайық», — деді жәбірленуші.
Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды. Ол өз әрекеті үшін кешірім сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео ztb_media инстаграм парақшасынан алынды
•

