Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті Нұрболат Дәкебаев қамауға алынды. Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіде күдіктінің ұсталған фотосы тарады. Суретте Дәкебаев сақалын алып тастаған.

Айта кетсек, 27 қаңтар күні ұсталған күдікті мен жедел жәрдем жүргізушісінің арасында жанжал туындаған еді.  Ашуға булыққан Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты.

Тергеу кезінде күдікті қашып кетіп артынша оған іздеу жарияланған болатын.

Бұл қылмыс үшін Дәкебаев үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.