«Жекелеген елдерінде жастар арасында орыс тілін білу деңгейі төмендеп кетті »-Лукашенко

Бұл туралы ол 9 қазанда Түрікменстанның Аваза қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде мәлімдеді ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ altyn-orda.kz
Лукашенконың айтуынша, ТМД елдерін ортақ тарих, мәдени мұра және халықтар арасындағы байланыстар біріктіреді. Алайда кейінгі буын өкілдерінің орыс тілін білмеуі мемлекетаралық қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін деп есептейді.
«Біз әлі де бір тілде сөйлесеміз. Өкінішке қарай, саммитке қатысушылар мен аға буын орыс тілін түсінгенімен, кейбір елдердегі жастар бұл тілді білмейді», – деді Беларусь басшысы.
Сондай-ақ Александр Лукашенко жастардың ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, посткеңестік мемлекеттердің бірқатарында ұлттық тілдердің қолданыс аясы кеңейіп, жас ұрпақ арасында мемлекеттік тілде білім алуға басымдық беріліп келеді.
Осыған байланысты Лукашенконың мәлімдемесі ТМД кеңістігіндегі тіл саясаты мен орыс тілінің болашағы туралы мәселені қайта көтерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










