Жетісу облысында Мәдениет үйін жөндеуге бөлінген 212 млн теңге жымқырылған

 

 

krisha.kz

Жетісу облысында Мәдениет үйін жөндеу кезінде ірі қаржы жымқыру дерегі анықталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, жөндеу жұмыстарына бөлінген 212 миллион теңгеден астам қаражат заңсыз жұмсалған деп хабарлайды  Altyn-orda.kz    

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қаражат Мәдениет үйін жөндеуге бөлінгенімен, жұмыстар толық орындалмаған немесе құжат жүзінде ғана көрсетілген. Кейбір жұмыстардың бағасы әдейі қымбаттатылып, ал бір бөлігі мүлде жасалмаған.

Қазіргі уақытта бұл іске қатысы бар адамдар анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылуы мүмкін.

Altyn-orda.kz