Жүргізушілерге жаңа талап қойылды ма: ІІМ ресми жауап берді

Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджерінде тараған дауыс хабарламаға байланысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, жүргізушілерге қатысты айтылған бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді  деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Министрлік өкілдері мессенджерде «енді көлік жүргізушілері барлық құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті» деген мазмұндағы хабарлама тарап жатқанын атап өтті. Алайда ІІМ бұл мәліметтің жалған екенін мәлімдеп, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Сондай-ақ ведомство бұған дейін рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты да осындай жалған ақпарат тарағанын еске салды. ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге және оларды таратпауға кеңес береді.