АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

500 мың адам жұмыссыз қалған

russiaДағдарыстың ауырлығын қатты сезінген көршіміздің бірі Ресей Федерациясы. Бұл елде былтыр 500 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған.

Енді тағы да осыншама адам екі қолға бір күрек таппай қалуы әбден мүмкін. Өйткені Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилиннің мәлімдемесі осыған саяды. 
Қазірдің өзінде көптеген кәсіпорында 300 мыңнан аса жұмысшы толық емес жұмыс күніне көшірілген. Министр болса, жыл соңына қарай жағдайдың ушыға түсетінін жоққа шығармайды. «Әрине бұған жол бере қоймаспыз. Өнеркәсіп саласында түрлі өзгерістер жасау қажеттігі туындап тұр. Бәрін уақыт көрсетеді», — дейді Топилин мырза. 
Биылғы жылыдң 17 ақпанына дейінгі сараптамаға қарағанда, Ресейде ресми түрді 1,046 млн адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бір аптаның өзінде жұмыссыздық 1,6 пайызға артқан, бұл елдің экономикалық жағынан белсенді тұрғындарының 1,3 пайызы. Жекелеген аймақтарда көрсеткіш бұдан да жоғары. Мәселен Ингушетияда — 13, Шешенстанда — 12,1, Тувада — 4,7 пайыз. 
Қысқасы, көршінің көңілі алаң. 

Жолдасбек Дуанабай

http://aikyn.kz/