АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

6 мың теңге пара алған көлік инспекторы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

20140320211336Талдықорған қалалық соты Алматы облысының көліктік  бақылау инспекциясының бас маманына 300 мың теңге айыппұл салды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік инспекторы 6000 теңге көлемінде пара алған. Сот отырысы кезінде сотталушы өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылды. Инспекторға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.