Боливиядағы абақты туралы қызықты ақпарат беріп өткен едік. Ал Нидерландыда «Het Arresthuis» деп аталатын абақтыда 36 нөмірлі «люкс» және 4 VIP-нөмірлі қонақ үй бар.
Айтпақшы, осы 4 VIP-нөмірлі бөлмелердің өз аттары да бар. Қандай дейсіз бе? «Директор», «Түрме қызметкері», «Заңгер», «Төреші». Сонымен қатар, мұнда сауна, фитнес-орталық, мейрамхана да жоқ емес. Әр нөмірде екі адамдық кереует, үлкен көлемді теледидар, желдеткіш, душ, тегін Wi-Fi интернет жүйесі, кофемашина және кішігірім бары бар.
Түрменің классикалық түрін сақтау барысында қонақ үйдің ішкі көрінісін дизайнерлер қазіргі заманға сай етіп өзгертіп тұрады.
Ендеше, абақты ішіндегі қонақ үйдің ішкі көрінісімен танысайық.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: re-actor.net
http://massaget.kz