АЛТЫНОРДА
Новости

АҚШ Иракқа қосымша әскери күш жібермек

АҚШ президенті Барак Обама Иракқа қосымша 350 әскери қызметкер жіберу туралы бұйрық шығарды.

Ақ үй сейсенбіде таратқан мәлімдемеде «АҚШ Ирак үкіметінің «Ислам мемлекеті» ұйымы содырларына қарсы күресін қолдайтындықтан бұл елдегі америкалық дипломатиялық миссия мен азаматтарды қорғауға қосымша күш жіберетінін» хабарлайды. Бірақ қосымша күш әскери операцияларға қатыспайды.

Вашингтон бұған қоса АҚШ билігінің өкілдері, оның ішінде мемлекеттік хатшы Джон Керри мен қорғаныс министрі Чак Хейгель «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы «аймақтық берік ынтымақтастық орнату үшін» жақын күндері Таяу Шығысқа сапармен баратынын да хабарлаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140903/330/330.html?id=26563968