АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АҚШ Сирияға қатысты Ресей саясатының өзгергенін күтеді

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері алдағы кездесуде Сириядағы жағдайдың талқыланатынын айтты. Сонымен бірге, әлемдік қауымдастықтың осы

елдегі жанжалды шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. АҚШ-тың сейсенбіге белгіленген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен РФ СІМ басшысы Сергей Лавровтың кездесуінен бәлендей өзгеріс күтпейтінін мәлімдеді дипломат.

Лавров өзінің америкалық әріптесімен Сириядағы, Ирандағы және КХДР-дағы жағдайды талқылайтынына сенім білдірді. Сыртқы саясатпен айналысатын екі елдің ведомства басшылары АҚШ-та асырап алынған ресейлік балалардың қауіпсіздігіне де көңіл бөлетін болады.

«Біз белгілі бір уақыт аралығында Сирияда саяси өзгерістерді жүзеге асыруға қатысты Ресейдің ұстанымын қолдап келдік. Біз ресейліктердің Башар Асадты өз еркімен билікті бейбіт жолмен беруге көндіретініне сендік. Алайда, күткен үмітіміз ақталмады», – деді мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды қызметкері.

http://muslim.kz