АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Бәдәуилерге қарағанда қалалықтар әйелдерін көп сабайды екен

Сауд королі университетінің әлеуметтану доценті, доктор Латиф Әбд әл-Латиф қызық зерттеу жүргізіпті. Ол бәдәуи мен қалалық арабтың қайсы әйеліне жайлы екенін зерттеп көрген екен. Сөйтсе, қалалық арабтың әйелдеріне деген мәдениеті шөлді мекендеген бәдәуиден төмен боп шыққан. Яғни, қалалық араб әйелінің көзіне жиі көк шыбын үймелететін көрінеді. Бұл жайында al-Arabiya хабар таратты.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік қамсыздандыру орындарына жүгінетін әйелдердің жартысы және университетте оқитын қыз-келіншектердің үштен бірі күйеулерінен, әке-шешесінен, ағаларынан зорлық көреді екен. Олардың арасында туған ұлдарынан таяқ жейтіндері де бар болып шықты.

Зорлық-зомбылық көріп жүргендердің көбісі өздерін қолмен ұрып-соғатынын айтса, кейбіреулері кәдімгі таяқпен, еттен өтетін заттармен сабайтынын жасырмаған. Зерттеуші көрген-білгендерін саралай келе әйелдердің алған білімі де отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтата алмағанына көз жеткізген.

muslim.k