АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АҚШ-тағы телешоу бүркітші қазақ қызының сұхбатын көрсетті (бейне)

Құрама Штаттардан таратылатын Mountain Morning Show бағдарламасы 13 жастағы бүркітші қазақ қызының берген сұхбатын бүкіл әлемге көрсетті. Оның барысында моңғол жерінен шыққан бүркітші қыздың талабына тәнті болған американдықтар Айшолпан мен оның әкесіне қойылған сауалдардың жауаптарын ести отырып, өзге әлемге енгендей, таңқалысып, ауыздарын ашты. Жүргізушілерді аса қызықтырғаны – әдетте ер адамдар әуестенетін бүркітшілік дәстүрді нәзік жанды бола тұра Айшолпанның жалғастыруы. Сондай-ақ Моңғолиядағы Алтай аймағына ат арылтқан американдықтар қазақтың ең ежелгі аңшылық ғұрпы туралы деректі фильм түсіріп, шоуда оның үзінділерін көрсетті. Бірге тамашалайық! 

YouTube-тен аудиоаударма: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/