АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Швециядан 80 мыңнан астам босқын шығарылады

55a1d48188b78e55e6275fac9946014c_XLШвецияда ішкі тәртіп пен шекара бақылауы барынша күшейтілді. Оған үкіметтің босқындарды елден шығару туралы шешімі себеп болған. Билік өкілдері «бұл үкімді естіген мигранттар енді елде қалу үшін жасырынуы немесе өзге мемлекеттерге өтіп кетуі мүмкін» деп алаңдауда. Швециядан шашамен 80 мың босқын шығарылуы тиіс. Ол үшін әуе рейстеріне қосымша чартерлік ұшақтар қосу жоспарланып отыр. Сарапшылар «бұл операция бірнеше жылға созылуы мүмкін», — дейді. Солай болғанның өзінде күніне кем дегенде 200 келімсектен шығарылуы қажет. Еске сала кетейік, өткен жылы Швеция 160 мың босқын қабылдаған. Алайда олардың 30 мыңының өтініші кері қайтарылды. Ал баспана беру туралы өтініштің 2/3-сі әлі қаралып жатыр. Андерс Игеман, Швеция ішкі істер министрі: — Өткен жылы біздің елден баспана сұрап 160 мың мигрант келді. Бұл Еуропа халқы үшін өте көп болмақ. Келген мигранттардың көпшілігі сириялықтар. Біз олардан көмегімізді аямаймыз. Ал басқа мақсатпен келгендер біз үшін босқын емес. Сондықтан мұндайлардың үкімет басшыларымен сөйлесіп, азаматтарын кері қайтарып алуына келісеміз.

Источник: http://24.kz/kz/