АЛТЫНОРДА
Новости

Алматы полицейлері Цукановты қолдамайды -ІІД

АЛМАТЫ. 29 сәуір. Baq.kz – Алматы полицейлері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырған Андрей Цукновтың әрекетін қолдамайды. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Еске сала кетейік, 26 сәуір күні Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәжілісі кезінде Цуканов министрге жұмыртқа лақтырған болатын. Артынша ол Твиттерде: «Полицейлердің пікірі: «дұрыс, …, жасағансың» және барлық полицейлер акцияны қолдайды», деп жазған болатын.
«Ондай ештеңе болған емес. Полицейлердің ешқайсысы да Цукановты қолдайтынын айтқан емес. Қызметкерлер заңға сай әрекет етті. Яғни олар қамаудағы адаммен тілдеспейді», — деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев.
http://www.baq.kz/kk/news/27258