Астана. 10 қаңтар. Baq.kz – Алматыда 2014 жылдың 12-18 қаңтары аралығында математика, физика мен информатикадан X-ыншы Жәутіков атындағы Халықаралық мерейтойлық олимпиада өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Олимпиадаға әлемнің он алты елінен, атап айтар болсақ, Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Болгария, Сербия, Үндістан, Индонезия мен Моңғолиядан 57 команда қатысады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату.
Айта кету керек, мұндай халықаралық олимпиада әлем бойынша теңдессіз шара болып табылады. Ол тек әлемдік математика, физика, информатика мен химияның арнайы ұйымдастырылған олимпиадаларынан ғана кем түседі. Шараның басты ерекшелігі –алыс-жақын шетелдердегі арнайы мамандандырылған мектептердің шәкірттері өз білімдерін бәсекеге салады. Осы арқылы жекелеген оқушылар мен мектептердің рейтингісі түзіледі.
http://baq.kz/kk/news/41925