АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Антонио Бандерасты сонша құшақтап

Кеше Астанадағы Каспий банкке кiрiп барсам, алдымнан үлкен жарнамада Голливудтың актерi Антонио Бандерасты емешегi құрып, көзiн жұмып алып, құшақтап тұрған қазақтың сары қарын бәйбiшесiн көргенде, тұла бойым түршiгiп кеттi. Қазақтың дүниетанымына томпақ, санасына өте ауыр тиетiн көрiнiс. Испан былай тұрсын, ботадай сүйкiмдi қазақтың қызын тiлi мен дiнi бiр өзбек, қырғызға қимаймын…

Осындай жарнамалар мем­лекеттiң ұйытқысы саналатын қазақ халқының үлкен наразылығын тудырып отыр. Соң­ғы уақытта өзге ұлт өкiл­де­рiмен қанымыз араласқан сайын қан тазалығынан айырылып, тек­сiз­дене түсудемiз. Кейбiреу­лер айтуы мүмкiн, “әншейiн жарнама ғой” деп. Бiрақ өркениетi дамыған елдердiң бәрiнде әрбiр жарнама заңмен қорғалады, үгiт-насихаттың да мемлекет қауiпсiздi­гiнiң кепiлi екенiн әрбiр азамат саналы түрде түсiнедi.
Басқаны былай қойғанда, төрт аяқты жануар байталдың өзi басқа үйiрдiң айғыры қа­сына келiп бiр жерiн иiс­­­ке­лесе кiсiнеп, теп­сiнiп, тiсте­нiп, жатырқап шыр-пыры шығады. Ал бiздiң қыздар сол байтал екеш байтал құрлы болмай тұр. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезiмде әкем Кеңес бойжетiп қал­ған Мейрамгүл, Сәнiмгүл деген әп­келерiме дастар­қан басында отырып, “Қыздарым, бойжетiп қалдыңдар, ит болса да қазақ жiгiтке тиiңдер, өйткенi қазақ тiлiнде сөйлейсiңдер, санын көбейте­сiңдер, жалпы қазақ халқына қызмет етесiңдер”, – дейтiн едi.
Ұлттың ары мен намысы қайда кеттi? Кезiнде жеңiлiс тапқан елдiң қызын қатындыққа алып, солай ұлтын қорлайтын болған. Өзгелерге қыз беру – ол да бiр жеңiлiстiң белгiсi. Көшпелiлер ұғымында қорлаудың түрi, кек алудың масқаралаудың ең үлкен шы­ңы – қызын қорлау болатын. Қазiргi қазақтың қызы сол қорлаудың нысанына айнал­ғандай. Қазақтың намысын таптаған осындай сорақы жарнамалар кейiнгi уақытта қаптап барады.
Таяуда Астанадан Алматыға жұмыс бабымен пойызбен жүрiп кеттiм. Купеде үш әйел болды. Соның бiрi Астанадан отырған елуден асқан үш қыздың анасы Дәмелi әпкенiң сөзi менi қатты ойландырды. Дәмелi әпке бiр ауыз қазақша бiлмейдi екен, “oriflame” компаниясында жұмыс iстейдi-мыс. Санкт-Петербордан Сергей деген орыс кiсiсi бизнес туралы лекция оқуға ертең келе жатыр. Соған 15 000 теңге төлеп, лекциясын тыңдамақшы. Сол Сергейдi журналдан көрiптi, суретiн бiзге көрсетiп “Боже! Какой мужчина! От тебя хочу сына и еще хочу дочку и точька” деп өлеңдеттi. Сергей “Күйеуiңдi таста, мен сенi Санкт-Петерборға алып кетем” десе, да­йын тұрғанын сөздерiнен байқадым. Өз күйеуiн мақтамайды. Таңғалдым.
Кейiнгi жылдары батыстан әдейi жасалған ақпараттық экс­панция өз жемiсiн бере бас­тады. Дiлiмiз – дүбара, тiлiмiз – шала, дiнiмiз – ала­уыз. Ұлт келешегiне қатер төнген кез. Осындай елiмiздiң болашағы сынға түскен заманда ұлт патриоттары нелiктен ұлт мүддесiне тас-түйiн болып жұмыс iстемейдi? Бiр адамның баласындай, бiр қолдың саласындай бiрiксек, мүмкiн, билiк бiзбен санасар ма едi, кiм бiлсiн… Өйткенi бытыраңқы елдi басқару оп-оңай, бiрiн-бiрiне айдап салып бас көтер­гендердi басып отыру бесенеден белгiлi. Неге тарихтан сабақ алмасқа?
Айдың-күннiң аманында өз елiмiзде отырып нелiктен сырт­тың көңiлiнен шығудың қамын ойлап жүрмiз! Керiсiнше жас ұрпақтың азғындауына айқара жол ашуымызға жол болсын!.. Отаншылдық рухы мұқалған, рухани азғындаған жастар ел тiрегi болудан қалады. Ойланайық, ағайындар.
Жұмамұрат Шәмшi,
тарих ғылымының кандидаты,
Астана қаласы.
http://zhasalash.kz/