АЛТЫНОРДА
Новости

Археологтар Түркістан қаласы IV-V ғасырдан көп бұрын салынғанын айтып отыр

434_be462be555fc06c6f838465bc3ff6668Астана. 9 тамыз. Baq.kz-Түркістанға жасалған кезекті археологиялық экспедиция кезінде зерттеушілер кереметтей құрылыс кешеніне тап болды. Археологтар шамамен б.э. 1 ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің дерегін тапты. Енді, осы ерекше жаңалықтың арқасында ғалымдар қаланың ергетасы қалану мерзімі бүгінгіге дейін болшамданып келген шамадан көп әріде жатқанын айтып сүйінші сұрауда.
Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Ерболат Смағұлов бұл жөнінде былай дейді:

 

«Бұл аркасы , бөлмелері, кіреберістері бар биіктігі 3-4 метрдей болатын сәулет құрылысы. Бір қызығы ғимараттың орталық бөлігі крест пішінінде орналастырылған. Кешеннің шамамен біздің эрамыздың бірінші ғасырындасалынған. Қала орнынан табылған жебе ұштары, керамика элементтері, қоладан жасалған және басқа да ұсақ-түйек заттар құрылыстың б.э. 1-2 ғасырында кірпіші қаланғанының айқын дәлелі. Бұл айғақтар Түркістан қаласы бүгінгі күнге дейін айтылып келген IV-V ғасырда емес, одан 400-500 жыл әріде бой көтергенін айғақтап тұр. Бұл қалыпты процесс, өйткені зерттеулер әлі жалғасып жатыр»,– деді Е.Смағұлов.
Дәулетқали АСАУОВ

 

http://www.baq.kz/kk/news/33760