Шымкентте тағы бір студенттер үйі ашылды. Бесқабатты жатақхана 588 шәкіртке арналған. Қонақүйден кем түспейтін жатынжайға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тек үздік студенттері жайғасты. ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов оқу озаттарының алғашқы легіне өз қолымен бөлме кілтін табыс етті. Студенттер үйін аралап көрген министр жастарға елімізде сапалы тәлім-тәрбие алу үшін барлық мүмкіндік жасалып отырғанын атап өтті. Нысанның ішінде кітапхана, асханамен қатар шынығу залы да бар. Маргарет Усимова, 1-курс студенті: — Жалпы студент үшін жатақхананың орны өте ерекше. Өйткені біз алыста тұрғандықтан, алыстан келіп оқуымыз қиынға соғады. Біз жатақхананы аралап келдік. Бізге ұнағаны – бөлмелерінің кеңдігі. Әр адамға арналған дайындалатын жеке орны, жаттығу залы бар. Сонысы маған өте қатты ұнады. Кітапханалары өте үлкен, біздің дайындалуымызға қолайлы.
Источник: http://24.kz/kz/