АЛТЫНОРДА
Криминальные новости

Астанада келіншегін өртеп жіберген экс-полицей кінәсін мойындаған жоқ

photo_20612Астанада асқан қатыгездігімен күллі елді шошытқан қылмысқа қатысты сот басталды. Келіншегін көптің көзінше тірідей өртеп өлтірген Қанат Сәдуов процесске қатаң күзетпен жеткізілді.

Ал күдікті отырыс  басталмай жатып, жазықсызбын деп жар салды деп хабарлайдыКТК арнсы.

“Тағылған айыпты мойындамаймын. Мен бұл қылмысты істеген жоқпын”, – деді ол.

Бүгін бірінші рет сот залына жеткізілген 43 жастағы Қанат Сәдуов өзін тым еркін ұстады. Жүзінен еш қобалжу байқалған жоқ. Бірақ, оны күзетіп тұрған  қарауылдың саны көп.

Ал, процеске талай шулы іске үкім кескен судья Ербол Рахымбеков төрелік етуде. Алдын-ала тыңдауға күдіктінің бірде бір жақыны келмеді, марқұм келіншектің туыстары да төбе көрсеткен жоқ.

Жантүршігерлік оқиға мамыр айында Астанада болған еді. Қанат Сәдуов ескі үйге таласып, төрт баласының анасын №25 мектептің ауласында үстіне бензин шашып тірідей өртеп жіберген болатын.

Отқа оранған қазақ тілі пәнінің мұғаліміне көшедегі кездейсоқ адамдар көмекке келгенімен, Светлана Сәдуова жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұды. Із суытып үлгерген Қанат Сәдуовты полиция жарты жыл бойы ұстай алмай, тіпті халықаралық іздеу де жариялаған.

Соңында қаскөй елордаға жақын Қабанбай батыр ауылында қолға түсті. Күдіктіні өз туыстары арнайы қазылған үйдегі жертөледе жасырып келген екен. Енді оларды да сот жазасыз қалдырмауы тиіс. Ал Сәдуовтың өзі өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

http://www.nur.kz/