Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б.Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылсын», деп көрсетілген Жарлықта.