[:kz]
Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшаларының жастарын жария етті деп хабарлайдыҚазАқпарат.
«Екі азаматша, біреуі 1997 жылы туған, біреуі — 1996 жылғы», — деп атап өтті СІМ-нің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.Айта кетейік, бұған дейін Бахрейнде Қазақстанның екі азаматшасы сексуалдық құлдыққа түсіп қалғаны хабарланған.
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейндегі елшісі Бахыт Батыршаевтың айтуына қарағанда, қазақстандық азаматшалар құлдыққа түскені туралы мәліметтер бірнеше күн бұрын тараған.
Қазіргі уақытта олар босатылды және бүгін Қазақстанға жеткізілді.
https://www.nur.kz/kk/1208634-bakhreynde-quldyqqa-tusken-qazaqstan.html
[:]