[:kz]
Тыйым салынған мұсылмандық ағымдардың діни қызметкерлері Ақмола облысының тұрғындарын Сирияға баруға үгіттеуде. Ол жерде бойжеткендер жезөкшеге айналады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Өкінішке қарай, олар біздің қыздарды Сирияға аттандырып жатыр. Бойжеткендер жауынгерлік істерге араласпайды, алайда лаңкесшілердің әйеліне айналады. Ол бүгінде бір еркекпен болса, ертеңгісін өзге еркекпен жүреді. Бұл — ашық жезөкшелік», – дейді брифинг кезінде «Феминистік лига» қоғамының президенті Галина Морозова.Морозованың айтуынша, бойжеткендерге тұзақ құру әдетте қыркүйек айынан басталады. Құрыққа түсетіндердің дені — ауылдық аймақтардан Көкшетауға оқу қуалап келгендер.
«Мен такисде жүргізушімен сөйлескен болатынмын. Олар түрлі адамдарды тасиды емес пе? Оның айтуынша, қыркүйекте жұмыс қызады. Ауылдан қыздар ағылғанда, оларды жезөкшелікке тарту әрекеттері басталады», – дейді Морозова.
Секс-жиһад ұғымы 2013 жылы мұсылман әйелдерді өз еркімен не алдай отырып, лаңкесшілердің лагерлеріне жіберу кезінде қалыптасқан. Онда аттанған нәзік жандылар лаңкесшілерге көбіне өз еркінен тыс сексуалды қызмет көрсетеді. Олар уақытша бір күндік неке ұғымымен бүркеніп, жезөкшелікке барып отырады.
Ислам дінінде мұндай әрекетке тыйым салынғаны ДАИШ идеологиясына бағыныштыларды тоқтатар емес.
https://www.nur.kz/kk/1209024-tyyym-salynghan-aghymgha-tusken-dini-qym.html
[:]