АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«БИІК — ҚАЗЫҒҰРТ» КОМАНДАСЫ МЕН «БАРСЕЛОНА» КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕҢ ЕСЕППЕН АЯҚТАЛДЫ

fhcБүгін УЕФА «Чемпиондар Лигасы» турнирінің 1/16 финалдық ойынында «Биік — Қазығұрт» (Қазақстан) командасы өз алаңында «Барселона» (Испания) командасын қабылдады. Есеп — 1:1.
Кездесудің алғашқы таймында командалар арасында есеп ашылмады. Үзілістен соң «Барселона» футболшыларының ойын тактикасы өзгеріп, гол соқты. 57 – минутта Рут Гарсияның басымен бағыттаған соққысы Оксана Железняктың қақпасынан табылды.
«Биік Қазығұрт» аяқдопшылары жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысып, 82 – минутта Лиса Мари Вудсдың бұрыштама добын орындауы голмен аяқталды, есеп 1:1.
Айта кетейік, қарымта ойын 14 қазан күні Барселона қаласында болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі