АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО ӘКІМІ СУ СОРҒЫЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТА БОЛДЫ

20151006230547Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкеттегі «Karlskrona LC AB» серіктестігінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Компанияда су сорғылары мен уран өндіретін кәсіпорындарға қажет құрылғылар шығарылады. Қазақстандық нарықта 12 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан кәсіпорын Шымкентте 2011 жылы ашылған. ТМД елдерінде жоқ жоғары технологиямен жасалатын құрылғылар жылына 6,5 мың данамен өндіріледі. Жарамдылық мерзімі 20-30 жылдан асатын зауыт тауарларына бес жылға дейін кепілдік беріледі. Кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған. «Karlskrona LC AB» неміс зауытынан шыққан өнімдердің 90 пайызы ішкі нарықта саудаланады. Атап айтқанда, тауарлардың басым бөлігі «ҚазАтомПром» АҚ-на тасымалданса, су сорғылары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су арналарына жеткізіледі. Ал Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға шығарылған өнімнің 10 пайызы экспортталады. Зауыт басшылығы бұл көрсеткішті болашақта 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда Шымкенттегі индустриалды аймақ маңында компанияның болат құю зауыты салынып жатыр. Жаңа зауытта су сорғыларының корпусы жасалып, құрыш табағы құйылатын болады. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан өңір басшысы зауыттағы жұмысқа оң бағасын беріп, отандық өнімді қолдайтынын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі