АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Елорданың тұрғын үйлері жылу есептегіш құралдармен жабдықталады

счетКөпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын есептейтін құралдар орнатылса, үй иелерінің жылуға және ыстық суға төлейтін қаражаты едәуір үнемделеді  деп отыр мамандар.

Астананың  көппәтерлі тұрғын үйлері 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу есептегіш құралдармен 100% жабдықталады, деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

«Энерго тиімділігінің маңызды факторы — энергия ресурстарын тұтынуды есепке алу және оның бақылауды ұйымдастыру. Бірінші кезеңдегі жұмыс — барлық реттеу коммуналдық қызметтеріне есептегіш құралдарының 100% орнатылуына қол жеткізу. Мұндай тапсырманы 2013 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген болатын», делінген хабарламада.

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін «Астана – Теплотранзит» АҚ инвестициялық міндеттемелерін орындау барысында 410 көппәтерлі тұрғын үйде жылу есептегіш құрал орнатқан. Жалпы, бұндай жабдықтың 1587 данасы орынтылуға тиіс еді, әзірше ол көлемнің  72,6%-ы игерілді.

Сонымен қатар, монополист инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде келесі жылдың жылу беру маусымына дейін тағы да 519 жылу есептегіш орнатуға уәде берді. Сөйтіп 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Астана қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде жылу есептегіш құралдарымен 100% жабдықталатын болады.

Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын есептегіш құралдар орнатылса, үй иелерінің жылуға және ыстық суға төлейтін қаражаты едәуір қысқарады, деп отыр мамандар.

«Яғни, жылу есептегіш  аспаптары сыртқы ауа температурасына сәйкес автоматты түрде өшіріліп, қосылады. Мұндай жағдайда тұтынушылар нақты берілген жылуға ғана төлейді» — дейді «Астана Теплотранзит» АҚ өкілі Нариман Тәңірбергенов.

Қ.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Астана қаласы