АЛТЫНОРДА
Новости

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

Кедендік одақтың нормативтік-құқықтық базасын кодтау аясында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңестері өткізіледі.
10 қаңтарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың төрағалығымен бизнес-қоғамдастық, палата департаменттерінің, өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен Кедендік одақтың нормативтік-құқықтық базасын кодтау аясында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңестері өткізіледі. Бірінші жұмыс кеңесінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысады деп күтілуде.
ЕЭО туралы шартқа қол қою 2014 жылдың мамырына, ал құжаттың заңдық күшіне енуі 2015 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кедендік одақ негізінде құрылатын мемлекеттердің экономикалық бірлестігі — ЕЭО қызмет етуін анықтайтын негізгі құжат болып танылуы керек.  Бұл құжат негізінде  тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күштері қозғалыстарына шектеулер алынып, Одаққа мүше мемлекеттердің экономикасындағы маңызды салаларда бірыңғай немесе келісімделген, үйлестірілген саясат жүргізілетін болады (Еуропалық одаққа ұқсас).
Алдағы уақытта өтетін жұмыс кеңестерінің басты ерекшелігі — Шарт жобасын талқылауға бизнесмендер мен өңірлердегі түрлі салалар сарапшыларының қатысуымен өтетін бейне конференция түрінде өтуі.
Осыған дейін, 2013 жылы ЕЭО қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барынша қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған Шарт жобасының кәсіпкерлер, салалық бизнес-қауымдастықтар және барлық мүдделік танытқан тұлғаларға Палатаның ресми сайты арқылы қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ЕЭО негізгі құжатының жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жинау мақсатында тұрақты түрде «кері байланысты» орнатуды жолға қойған болатын.

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/39538