АЛТЫНОРДА
Новости

Инстаграм «жұлдыздарының» көшін Баян Есентаева бастап тұр

comode.kzБұрын теледидардан жүзі көрінгендердің бірсыпырасы өзін «жұлдыз» сезінуші еді. Қазір «Инстаграм» әлеуметтік желісінің арқасында талайлар мыңдаған виртуалды дос жинап, «жұлдыз» атанып жүр. Әлеуметтік желіде, оның ішінде инстаграмда өзін судағы балықтай сезінетін – шоу-бизнес өкілдері. Олардың оқырмандарының көптігі соншалық, кейбірі тіпті «бір-бір журнал».



Жақында Сomode журналы инстаграм «жұлдыздарының» ондығын жасады. Ендеше уақытының көбін әлеуметтік желіге арнайтын дүйім жұртты қызықтыратын «жұлдыздарды» түгендеп көрейік.

«Жұлдызды» ондықты түйіндейтін өнер иесі – Анатолий Цой. Жас әншінің 107 мың оқырманы бар. Ол «Хочу к Меладзе шоу арқылы ТМД елдеріне танылып, оның өнерін бағалаушылардың қатары көбейген болатын. Ол инстаграмда өзінің жанкүйерлерімен белсенді араласады, олардың сұақтарына жауап береді екен.


9-орында әнші Лидо. Ерекше стильді әншінінің 137 оқырманы бар. Ол инстаграмға түрлі стильдегі суреттерін салып отырады. Сондай-ақ қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, өзінің заттарын сатады. Одан түскен ақшаны науқас балаларға аударады.


8-орында қазақ эстрадасының ең табысты әншілерінің бірі — Қайрат Нұртас. Әншінің 169 мың оқырманы бар. Қайрат инстаграмға отбасылық суреттерін, концерттеріндегі, түрлі кештердегі фотоларды салып отырады.

7-орында әдемі әнші Жанар Дұғалова. Әнші Turkvision-2014 байқауының жеңімпазы атанғалы оның оқырмандарының саны өсе түсті. Жанар өзінің мұрағатындағы әдемі суреттерімен, концерттердегі сәтті кадрларымен бөлісіп отырады.

6-орында жас әнші Әли Оқапов. Оның 198 мың оқырманы бар. Әнші өзінің инстаграмдағы парақшасына түрлі мерекелік кештердегі суерттерін салады. Сондай-ақ ол қазақ әртістерінің жаңа әндерімен, жаңа бейнеклиптерімен де бөлісіп отырады. Әлидің парақшасынан оның анасы Роза Рымбаеваның, інісі Мәдидің де суреттерін көруге болады.


5-орында қазақтың сұлу әншісі Қарақат. Оның 225 оқырманы бар. Қарақаттың парақшасында көбіне отбасылық суреттері, күйеуінің, балаларының суреттері жиі жарияланады. Сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің, басқа да әртістердің суреттері әншінің жеке парақшасынан табылады.

4-орында қазақтың өнерлі азаматтарының бірі Айқын. Оның 235 оқырманы бар. Айқынның инстаграмы әншінің концерттері жайлы күнделік тәріздес. Ол қай қалада, қандай мерекелік шарада өнер көрсетсе де, міндетті түрде 15 секундтық бейнеролик жариялап отырады. Сонымен де әншінің парақшасы оқырмандар үшін қызық болса керек.

3-орында 254 мың оқырманымен әнші Мақпал Исабекова. Мақпалдың оқырмандарымен байланысы өте қызық. Ол өзіне адам жанкүйерлерімен жақсы дос. Ал өзіне қатысты қисық-қыңыр пікір білдірген оқырмандарын бірден достықтан шығарып жібереді. Десек те өзінің имиджін өзгертуде эксперимент жасаудан жалықпайтын әншінің оқырмандары күн өткен сайын көбейе түсуде. Мақпал инстаграмда алғашқы үштікте.

2-орында әнші, тележүргізуші Аша Матай. Оның 267 мың оқырманы бар. Біраздан бері Brosh брендінің келбеті ретінде танылған әншінің парақшасы сырға, сақинаның суреттеріне толы. Ашаның жарнамасына қызығушылар аз емес, Сондықтан да ол инстаграмда құрметті екінші орында. Ол өзінің оқырмандарымен пікір алмасып, тіпті кейбірінің кеңестеріне құлақ асатын көрінеді.

Ал енді инстаграмның нағыз жұлдызы – Баян Есентаева. Ол 389 мың оқырманымен дүйім жұрттың көшін бастап тұр. Отандық шоу-бизнестің ең танымал жұлдызы Баянның өміріне қызығушылар өте көп. Өйткені Баян инстаграм парақшасында тек керемет суреттерімен ғана емес, өзінің қызықты ой-пікірлерімен де бөлісіп отырады. Онң парақшасында КешYOU, Lashyn топтарының, Жанар Дұғалованың суреттері өте көп, түрлі тұсаукесерден фотолар жарияланады. Сондай-ақ Баян өзінің отбасылық суреттерін, қыздары мен күйеуінің суреттерін салуды да ұмытпайды.

comode.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/instagram-juldyizdaryinyin-koshn-bayan-esentaeva-bastap-tur-58317/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі