АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚАЙРАТ ҚАШЫП ЖҮР МЕ?

кайрат«Суперстар.кз» жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтеков пен жол апатынан зардап шеккен Нәзира Есенаманованың арасындағы дау әлі біткен жоқ. Өйткені осымен үшінші мәрте кейінге шегірілген сот процесінде бойдақ жігіт бой көрсетпеген.  Бастапқыда мас күйінде көлік руліне отырып, жол апатына ұшыраған әншінің кінәсі дәлелденіп, көлік жүргізу құқығы 9 айға шектелген болатын. Оған қоса, 40 күнге темір тордың арғы жағына тоғытылып, бас бостандығынан да айырылған. Бірақ айыбын өтеп шығып, енді бірер айда темір тұлпарын қайта тізгіндеуге мүмкіндік алуға жақындап қалғанымен, жәбірленуші алдындағы ат-тон, айыбын төлемепті. Дұрысы, төлеуге шамасы келмей жатқан тәрізді. Денсаулығы сыр берген Қайратты да түсінуге болатын сияқты. Себебі зардап шеккен ару жол ережесін бұзған әншіден 60 мың доллар талап етіп отырған көрінеді. Нәзира Есенаманованың қорғаушысы Зүбайда Асқарова болса, Түнтековтің соңынан жүгіріп шаршағанын айтады. «Тіпті телефонын сөндіріп тастап, не өзі байланысқа шықпай, жүйкемізді тауысты. Заң алдында жауап беруден жалтарып жүр» деп айыптайды. Ал істің ақ-қарасын Қайрат келсе де, келмесе де келесі жолы сот шешпек.

Әмірлан МӘУЛЕН

 

http://www.aikyn.kz