Астана. 12 тамыз. Baq.kz — «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ және облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қазақ тілін оқытудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Аталмыш мекеме жолаушы тасымалдаумен қатар мемлекеттік тілді оқытуға көмектесетін болады. Бүгін «сөздік» қызметін ұсынатын трамвайлардың тұсауы кесілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kzтілшісі
Павлодарлықтардың игілігіне үш «сөздік-трамвай» жарамақ. Күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері жазылған көліктер мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға зор үлес қоспақ.
Осылайша трамвай басқармасының мамандары қазақ тілін насихаттауға бел шеше кіріспек. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін алдымен күнделікті өмірде қолданылатын сөз тіркестерін таңдадық. Мәселен, «туған күніңмен», «рақмет», «тамаша» сынды кең қолданысқа ие сөздерді көрнекі құралдар арқылы көкейге тоқыған әлдеқайда тиімді. Біз осы қағиданы ұстанатын боламыз, — дейді аталмыш мекеменің вице-президенті Майра Сартаева.
Фото Ризабек Исабеков
http://baq.kz/kk/news/51411