АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Ақкөл қаласы тұрғындарымен өткен кездесуі туралы

DSC01292 (1)Қазақстан Республикасы Президенттігіне ҚКХП кандидат Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды насихаты аясында Ақкөл қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Т.Сыздықов партияның жұмысына және өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты қағидаттарына тоқталып өтті.
Бүгінгі күні жалпы адамдық құндылықтардың қатарында бірінші кезекте дүние жүзіндегі бейбітшіліктің кепілі болып келетін халықтардың бейбіт өмір сүруі және интернационализм екендігін тайсалмай айтуға болады, деді Т.Сыздықов.
Әлемнің барша халқы тұрақтылық пен өркендеуді сақтау маңыздылығын түсініп келеді, ал ол үшін шыдамдылық пен төзімділік идеяларын алға тарту қажет.
Жер жүзіндегі бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы – барлық мемлекеттердің бейбіт өзара әрекеттестігі екендігі күдік тудырмайды.
Осы жерде ізгілік пен адамгершілік идеялары бірінші орынға шығатыны сөзсіз.
Қазір біздер бейбіт өмір сүрудеміз, бұл біздің тарихи қонақжайлығымызға, мейірбандығымызға және ізгілігімізге байланысты болып табылады. Бұл біздің дәстүріміз.
Бұл жерде маңызды рөл жастарға арналған, олар өз бойына тек ең жақсысын сіңіре отырып, әсемділікті тани бастайды. Жастар бойына отбасылық құндылықтарды, ілгері жүріс ынталандырмасын және өзіндік жетілдірілуді сіңіру қажет.
«Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр.
Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады.
Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады» — деді Т.Сыздықов.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық.
Батыстық жауапсыз өмір стандарттары ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады
Батыстың ықпалымен көрсеқызарлыққа, қанағатсыздыққа, еңбексіз қарын тойдыруға үйрететін тәрбие алғандар кез келген теріс әрекетке дайын тұрады.
Батыстық жат мәдениеттің баяндауымен жеңіл жетістікке жеткендерді ешбір моральдік құндылықтар мен тәрбие тура жолға қайта түсіре алмайды.
Батыс адами құндылықтар дағдарысын бастан кешіп отыр. Қоғам санасын тұтынушылық стандарттар, рухани жұтаңдық, зорлық-зомбылыққа негізделген идеялар билеп алған.
Төзімділік, мейірімділік, үлкенге құрмет, отбасылық өнеге, дәстүр, адамгершілік сынды қарапайым адами қасиеттер мүлде бөтен болып барады. Бүгінде сол батыстың жастары тез әрі зиянды тамақтанудың, фаст-фудтың құрбанына айналып жатыр, планшет пен телефонға телміріп, бар уақытын әлеуметтік желілерде, Интернетте өткізуде. Мұндай өмір салты түбінде денсаулық пен адамгершілік қасиеттерден айырып, жалпы адам өмірін мәнсіз етеді. Шынайы өмірден қашамын деп, есірткі мен басқа да психотроптық тәуелділікке тап болып жатқандар қаншама.
Алайда бургерлердің өзі жарты іс қана. Фаст фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер беретіндігін диетолог-ғалымдар дәлелдеп отыр.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 8882434, +7 701 4617858
knpk2015@mail.ru,