«Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясының әр киловат-сағатын 15 теңге 70 тиыннан береді» деп мәлімдеді.
«Біз 400 миллион киловатт/сағат электр энергиясын беруге дайынбыз. Есесіне егін маусымы кезінде электр энергиясымен бірге келетін су Оңтүстік Қазақстанды қамтамасыз етеді» деді ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы болмайтынын айтқан Алмасадам Сәтқалиев: «Бұл мәселені үкімет тікелей бақылап отыр. Апатты жағдайлар болып қалмаса, электр қуатын беруде кідіріс болмайды» деді.
Бұдан бұрын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға сапары кезінде Астананың Бішкекке электр қуатын жөнінен көмектесетіні айтылған. Қырғыз билігі Қазақстанды егіс маусымы кезінде сумен қамтамасыз етуге уәде берген.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html