АЛТЫНОРДА
Новости

Көкпектіде құтқару жұмыстары жалғасуда

Астана. 31 наурыз. Baq.kz – Кеше түнде су алған Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ, ІІД, әкімдік және денсаулық сақтау басқармасының мамандарынан 7 топ құрылып, оқиға орнында жұмыс істеуде.

Құтқару және алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ-нен барлығы 150 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, ішкі істер басқармасының 20 маманы мен 4 техникасы, денсаулық сақтау басқармасының 30 маманы мен 10 техникасы, жергілікті атқару органдарының 10 өкілі мен 3 техникасы оқиға орнында.
Құтқару және алдын алуға байланысты құрылған штабты ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко басқаруда. Жедел желі іске қосылып (8 7212 788686), зардап шеккендермен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.
Көкпекті ауылында құрылған медициналық тірекке 9 адам келіп түскен. Олардың алтауын үсік шалды.

 

http://baq.kz/kk/news/45224