АЛТЫНОРДА
Новости

Самарада Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтті

Ресей. 31 наурыз. BAQ.KZ – Кеше Самара қаласында Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Оның аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел отырысы болды,-деп хабарлайды ДҚҚ-ның ресми сайты.

Елбасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Назарбаев Жолдауда атап айтқандай: «ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!…» «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы». Осы жүректі жарып шыққан ізгі ниетке шетелдегі қандастарымызда бір ауыздан қосылатынына сенімдіміз.
Дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға ҚР Президенті Жолдауының мәтіні қазақ және орыс тілдерінде берілген кітапша таратылды. Кітапшаны шығаруға, сондай-ақ Ресей қазақтарының кіші құрылтайына қазақстандық делегацияның қатысуына қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы. Жалпы олар шетелдегі қазақ диаспорасымен жан-жақты байланысты нығайту мен дамытуда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас демеушісі болып келеді.
Айта кетейік, Ресей қазақтарының Федералды ұлттық-мәдени автономиясы Самара қаласында орналасқан. Оны РФ Президенті жанындағы ұлтаралық қатынастар бойынша Кеңестің мүшесі Тоқтарбай Қадырғалиұлы Дүсенбаев басқарады.
http://baq.kz/kk/diaspora/953