АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Құлсары қаласындағы саудагерлер бір аптадан бері сергелдеңге түсіп жүр

2-4 бір аптадан бері сергелдеңге түсіп жүр. Айтуларынша, 60 шақты адамды базар басшылығы басқа орындарға көшірмекші екен. Ашынған жүрт енді не істерін білмей дал.

— Біздер көшіп келген оралман болғандықтан біздерді осындай қылып тұрған шығар деп ойлаймыз. Енді бір апта болды сергелдеңбіз біздер. Мына территорияны босатыңдар, Біз жекеменшікпіз дейді. Сонда біздің құқымызды кімнен талап етеміз?

Қарақалпақстаннан ата-жұртқа келіп қоныстанып, Құлсары базарынан нәпақаларын табу үшін сауда-саттықпен айналысқандардың ашуын тудырған бүгінгі мәселе —  базардағы тұрақты орындарының ауыстырылуы. Орталық базар басшылығы» орындарыңды босатып, бутикке орналасыңдар» дегендеріне саудагерлердің келіскісі жоқ.  

РАУШАН ӘЛІШОВА, Құлсары қаласының тұрғыны:

— Үшінші этажда бутик 180 мың дейді. Өзі айналдырып жүргеніміз 200 мың теңге. Сонда ақшамызды арендаға беріп отырамыз ба? Сонда не сатамыз оның ішіне кіріп жатамыз ба? Төрт баланың анасымын. Төрт баламды алып үшінші этажға барып. Не істейміз енді?

МҰРАТХАН ЕШМҰҚАНОВ, Құлсары қаласының тұрғыны:

— Налогында көтеріп берсін, мақұл, оған да көніп тұрмыз. Одан артық не айтамыз енді. Осыншама бәрімізде кредитпіз. Бәрімізде Алматыға қарыздармыз. Қарыз алып,  істеп жатырмыз. Бала-шаға бағамыз деп жүрміз осы арада тентіреп.

Жылы орындарын суытқысы келмегендер жергілікті әкімшілікке күшпен кіріп, өз реніштерін қала әкімінің орынбасарына жеткізіп еді, жергілікті басшылық әзірге саудагерлердің талаптары орындалмайтындығын алға тартты.

ЕРКЕБҰЛАН АҚҚҰСОВ, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары:

— Ол жекеменшік терретория. Ол енді қазір қандай жағдайда пайдаланайын деп тұр, біліп тұрған жоқпын. Оның бастығын шақыртамыз, содан кейін сөйлесеміз. Бір келісімге келеміз содан кейін. 

Әзірге бейресми ақпарат бойынша саудагерлердің қазіргі орындары заң аясында алынып жатқаны белгілі болды. Соған қарағанда ашуға булыққандардың әзір мәселесі шешілмейтінге ұқсайды.

http://www.31.kz/