[:kz]
ЕРЖАННЫҢ СӘЛӘФ БОЛУЫНА КІМ КІНӘЛІ?
Алматыдағы қырғында қолға түскен күдікті Ержан Кошаевтың вк әлеуметтік желісіне кіріп, қарап шықтым. Ол соңғы рет вк-ға кеше сағат 14:18 кірген. Аталған әлеуметтік желіде Ержан бірыңғай діни мазмұндағы жазбаларды бөлісіп отырған екен. Алайда ол 2013 жылдары қазақша хит әндерді тыңдап жүрген, оны әнді орындаған әншілерге “жарайсың” деп мақтау сөз айтқанынан байқауға болады. Сондай-ақ ол бірыңғай діни уағыздар тыңдамай немесе оқымай вк-да әртүрлі ойындар ойнаған. Ең алғаш Ержан 2014 жылдың 24 мамыры күні Құраннан үзінді жариялаған екен. Алайда ол 2015 жылдың 27 наурызына дейін тағыда әртүрлі ойындар ойнаған сияқты. Дәл осы күннен бастап бірыңғай діни мазмұндағы жазбаларды бөлісіп жариялай бастайды.
Ең қызығы Ержан өзінің вк әлеуметтік желдісінде Дарын Мубаровтың парақшасына тіркеліп, оның уағыздарын тыңдап жүрген. Мәселен ол Дарынның “Жаннат пен Тозақ” видеоуағызын бөліскен екен. Демек жастардың сәләфилік жолға түсуіне Дарынның ықпалы басым болып тұр. Сондықтан да құзырлы орган өзін Дарынның шәкірті санайтын кез келген адамды қауіпті санап, оларды жазалау керек.
Серік Жолдасбай,
http://www.qazaquni.kz/
[:]