Қырғызстан билігі елде тыйым салынған исламшыл «Хизб ут-Тахрир» ұйымына мүше болды деген күдікпен бес адамды тұтқындады.
Нарын облысының құқық қорғау органдары наурыздың 2-сінде облыс орталығы мен ауылдарда жүргізілген тексеріс барысында аты-жөнін атамаған бес адамның үйінен экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер табылып, өздері ұсталғанын хабарлады.
Соңғы апталарда Қырғызстанда «Хизб ут-Тахрир» мен басқа да исламшыл тыйым салынған топтарға мүше деген күдікпен ұсталған адамдар көбейген.
Ақпан айында билік орындары ел аумағында «Хизб ут-Тахрир» ұйымына мүше деген күдікпен тағы бірнеше адамды тұтқындаған. Қырғызстан билігі «Хизб ут-Тахрир» «Әл-Қаида» мен «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымдарының жастарды радикалдандырып, Сирия мен Иракқа соғысқа жөнелту стратегиясында маңызды рөл атқарады дейді.
Орталық Азия елдері мен Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» өзін бейбіт ұйым деп санайды.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26878815