Кездейсоқтық па, әлде…
Ұлыбританияның Чешир аймағында №15 нөмiрлi касса бар. Таңқаларлығы сол, мұнда жұмысқа орналасқан кассирлер екi-ақ апта жұмыс iстегеннен кейiн жүктi болады екен. Қазiр сол аяғы ауыр болған 24 әйелдiң 30 баласы бар.
***
1664 жылдың 5 желтоқсанында жолаушылар кемесi теңiзге батып кетедi. Жолаушылардан бiр-ақ адам тiрi қалады. Ол адамның аты – Хью Уильямс.
1785 жыл. 5 желтоқсан күнi жолаушылар кемесi суға батады. Кемедегi адамдардың бәрi суға кетiп, қайтыс болады. Ал сол кемеде болған Хью Уильямс тағы да тiрi қалады.
1860 жылдың тура 5 желтоқсанында балықшылар шхунасы суға кетiп, бiр балықшы тiрi қалады. Тiрi қалған адам кiм дейсiз бе? Хью Уильямс. Әрине, бұлардың үшеуi үш түрлi адам. Бiрақ аты-жөнi – Хью Уильямс.
***
Балалар үйiнен егiз баланы бiр-бiрiн танымайтын екi отбасы асырап алады. Егiздер екенiн әлгi ұлдар араға 40 жыл өткенде барып бiледi. Бiр қызығы, асырап алған отбасылар асырап алған ұлдарына бiрдей – Джеймс деп ат қояды. Екi Джеймстiң әйелдерiнiң аттары да ұқсас – Линда. Тағы бiр қызығы, екi Джеймс те заң қызметкерi.
***
1920 жылы бiр пойыздың бiр купесiнде үш ағылшын келе жатады. Бiреуiнiң фамилиясы – Бинкхем болса, екiншiсiнiкi – Пауэль, ал үшiншiсiнiң фамилиясы – Бинкхем Пауэль. Купедегiлер мұны бiлгенде, ұзақ уақыт күлiсiптi. Себебi, олар туыс емес едi.
***
1965 жылы Шотландияның бiр деревнясының тұрғындары “Жер шарын 80 күнде кесiп өту” атты киноны қызықтап отырады. Кино жүрiп жатқанда, дәл кинодағыдай шар кинотеатрдың үстiне қонғанда, жұрт таң-тамаша болады.
***
Ағылшын телеарнасынан “Титаник” фильмi жүрiп жатқанда, бiр отбасының шаңырағына алып мұзды метеорит түседi.
***
1944 жылы ағылшынның “Дейли телеграф” атты газетiне кроссворд шығады. Кроссворд газет бетiне жарық көре салысымен, ағылшынның бүкiл барлаушылары аяқтарынан тiк тұрады. Бұл кроссвордтың шешiмi британдықтардың Нормандияға әскер түсiру жөнiндегi операцияның коды екен. Барлаушылар қойсын ба, кроссвордтың иесiн табады. Сөйтсе ол мектепте мұғалiм болып жұмыс iстейтiн қария болып шықты. Әрине, қарт кiсi ешқандай әскери операция туралы естiмеген де, бiлмеген де екен.
Интернет иiрiмдерiнен әзiрлеген С.Сұлтекеқызы.
http://zhasalash.kz/