АЛТЫНОРДА
Новости

Нұрсұлтан Назарбаев: Бәсекеге қабілеттілікке құр сөзбен қол жеткізе алмаймыз

nazarbayevpension1С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жұмыс сапары аясында «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағында болды.

Қазақстан Президенті «Инновациялық техноло­гия­лар паркі» еркін экономикалық аймағының (ЕЭА) қазіргі қызметімен, сондай-ақ кәсіпорын­дар­­дың еркін экономикалық аймақ аясындағы өн­ді­рістік қызметімен танысты. Нұрсұлтан Назар­баев­қа SAT&Co, Қазақстан-Британ техникалық уни­­­верситеті, «Қазақстан теміржолы» ұлттық ком­па­­­ниясы» АҚ, Hewlett Packard тәрізді ұйымдар іске асы­­­ратын технопарк құрылысының екінші кезектегі жо­балары таныстырылды.

Мемлекет басшысы «Инновациялық техно­ло­гия­­лар паркі» еркін экономикалық аймағының әкім­­шілік корпусында инновация мәселелері мен тех­нопарк қызметі жөнінде жұмыс бабындағы ке­ңес өткізді. Премьер-министрдің орынбасары – ин­­дустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исе­кешев атқарылған жұмыс туралы есеп берді, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағының даму жоспарлары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЕЭА-қа 87 компания тіркелген. Күтіліп отырғандай, 2020 жылға қарай технопаркте жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы саны 250-ге жетпек, олардың жиынтық табысы жылына 150 миллиард теңгені құрайды, осы орайда 50 мың жұмыс орны ашылатын болады.

Мемлекет басшысы мемлекет инновациялық клас­терді дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. «Біз олардың автономдық ре­жим­­де жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін Ин­но­вациялық техно­ло­гиялар паркі туралы жаңа заң әзір­леудеміз, ал бұл салықтық жеңіл­діктерді, алаң­дар мен ин­фра­құрылымдар дайындауды көз­­дей­ді», — деді Қазақстан Пре­зи­денті.

Мемлекет басшысы «Ин­но­ва­циялық техно­логиялар паркі» ер­к­ін экономикалық аймағы құры­лы­сының тек бірінші кезегіне ғана 7 мил­лиард 500 миллион теңге ин­вестиция салынғанын еске салып өтті. Инфрақұрылым құрылысының екінші кезегіне 3 миллиардқа жуық теңге бөлінді

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назар­баев­қа жүз пайыз қазақ­тан­дық үлесті қамтитын бірқатар ин­но­ва­циялық жоба­лар, сондай-ақ отандық кәсіпорындар мен әлемнің жетекші компанияларының бір­қатар бірлескен әзірлемелері таныс­тырылды. Атап айтқанда, SAT&Co ком­па­ниясы әзірлеген үш өлшемді виртуалды бейнекартина транс­ля­циялаудың жаңа техно­логиясы, сондай-ақ «Қазақстан темір­жолы» ұлттық компаниясы» АҚ инно­ва­ция­лық-сервистік орталығы мен Hewlett Packard компаниясының бірлескен жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Алматы облысының әкімі А.Мұсахановқа келешекте «Инно­ва­ция­лық техно­ло­гиялар паркі» еркін эко­но­микалық аймағына беру үшін пай­да­ла­ныл­маған аумақты мемлекетке қайтару туралы мәселені пысықтауды тап­сырды.

Мемлекет басшысы инно­ва­циялық даму технологиясын жеткізумен ғана шек­теліп қалмай, өзіндік технологияны әзірлеу мен енгізуді қамтуы тиістігін атап өтті. «Әзірше біз шетел тәжірибесін қабылдап жатырмыз, қазір бізді озып бара жатыр. Тіпті ең заманауи шетелдік жабдықты пай­далану өзіндік серпілісімізді білдірмейді. Біз өзімізде пайдаланып және әлемге ұсы­ну­ға болатын жаңа нәрселер жасауға бағ­дар ұстануға тиіспіз», – деді Нұрсұлтан Назар­баев.

Мемлекет басшысы Шетел ин­вес­тор­лары кеңесінің 26-отырысы барысында оларға берілген тапсырмаларды да еске салды. Атап айтқанда, Қазақстан Пре­зи­ден­ті келешегі бар инновациялық жоба­лар­ды қаржыландыратын арнайы венчур­лық қор құру жөніндегі жұмысты же­дел­детуді тапсырды. «Бәсекеге қабі­лет­тілікке құр сөзбен қол жеткізе алмаймыз. Инно­ва­ция­лық даму үшін қаржы салу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ке­ңес­тен кейін Қазақстан Президенті өз­дерінің инновациялық жобаларын ұсынған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітіруші түлектермен кездес­ті.

«Алатау» инновациялық техно­ло­гиялар паркі Қазақстан Рес­публикасы Прези­ден­тінің ­2003 жылғы 18 тамыздағы Жар­лы­ғы­мен қала маңындағы Алатау кентінде құрылған. Парк аумағы Алматыдан 25 ша­қы­рым жердегі 343 гектар алаңда орна­лас­қан.

 

http://alashainasy.kz/main/43347/