АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОҚО-да мәдениет нысандарының қатары көбейіп келеді

zagryjenoӨңірдегі мәдени орындардың қатарын көбейту, руханиятқа көңіл бөлу мәселесін облыс басшылығы жіті қадағалап отыр. Оған дәлел, облыста жыл сайын жаңадан салынып, пайдалануға беріліп жатқан мәдени нысандар. Бірқатар мәдени ошақтар күрделі жөндеуден өтті. Мәселен, осы жылдың өзінде облыстық орыс драма театры мен аудан-қалалардағы 13 ауылдық мәдәниет үйі күрделі жөндеуден өтсе, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мен 6 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Іргетасы қаланып жатқан мәдени ошақтардың саны жыл өткен сайын артуда. Соңғы 5 жылда облыс аумағында 43 мәдениет мекемелері мен 6 мемориал, саябақ, кешен, гүлзарлар ашылып, ел игілігіне берілді. Бүгінгі таңда Оңтүстік өңірінде 752 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Ал, облыста 427 кiтапхана, 266 клуб мекемесі, 25 мұражай, 2 көркемсурет галереясы, 8 кәсіби театр, 2 кинотеатр, 11 саябақ, 3 орталық, 2 мәдениет және өнер ойын-сауық орталықтары, 1 облыстық филармония, 1 облыстық «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1 «Оңтүстік-Цирк» мекемесі, 1 «Түркістан» сарайы, 1 зообақ, 1 көрме орталығы жұмыс істейді. Бұлардың қай-қайсының да өз келушi-көрермендерi жеткiлiктi.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі