АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

zhol_8Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, өңіріміздегі мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғасында жарақаттануының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық ішкі істер департаменті тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы аясында облыс бойынша 600 мыңға жуық оқушы оқитын 1022 мектепте тиісті қызметкерлер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері таңғы кезекшілік ұйымдастыруға жұмылдырылған. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндіру бойынша қосымша сабақтар өткізу кестесі де бекітілді. Басқарма тарапынан облыстағы барлық білім беру ұйымдарына мектеп маңындағы көлік жүрісі көп көшелердегі жаяу жүргіншілер жолағы жанына «Абайлаңыз балалар» белгісі орнатылған арнайы макеттер қою тапсырылды. Аталған жұмыстардың барлығы тиісті басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынып, жұмыстар 2016 жылғы 31 мамырға дейін жалғасын табады.

ОҚО білім, жастар саясаты және тілдер  саясаты