АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Өзбек көлігімен қош айтысамыз

Бір жылдан кейін жаңа автокөліктердің қауіпсіздік нормалары күшейтіледі. Ал UzDaewoo арзан көліктері үстіміздегі жылы сатылымнан алынып тасталмақ.

Аuto.lafa.kz. хабарлауынша, Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сай, 2014 жылы барлық M1 санатындағы жаңа автокөліктер (8 адам және жүргізуші ғана сиятын жеңіл автокөліктер) антиблокадалық тежегіш жүйесі (ABS), қауіпсіздік жастығы, ISOFIX балалар орындығын бекіту жүйесі, күндізгі жүру жарығы және иммобилайзер болған жағдайда ғана талапқа сәйкес деп танылады.

Кедендік одақ елдерінде өндірілген автокөліктер үшін аталған талаптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Осы құжатқа сай, енді сырттан қауіпсіздік өлшемдеріне сай келмейтін автокөліктер әкелінбейді. Бұлардың қатарында өзбек автокөлігі UzDaewoo-дің барлық үлгілері бар.

Өткен жылы қазақстандықтар 122 млн. АҚШ долларына 13371 автокөлік сатып алған екен. Nexia мен Matiz сынды Қазақстанда ең арзан саналатын автокөліктермен қоштасатын кез келгені ме?

http://aynaline.kz/