АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Есірткі сатқан медбике ұсталды

вакцинаАқ халатты абзал жанныың бұл әрекетін ақмолалық құқық қорғаушылары «Допинг» шарасының алғашқы күнінде анықтапты. Құрамында улы және психотропты заттары барын біле тұра дәрі-дәрмек босатқан медбике енді тергеушілер алдында жауап бермек.
Жүргізілген шара нәтижесінде аурухана ішіндегі дәріханадан промедол және морфиннің 350 ампуласын ережені бұза отырып сатылғаны белгілі болған.
Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 265 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шарасы кезінде құрамында кодеині бар дәрі-дәрмекті сол дәріханадан сатып алған ер адам ұсталды, – дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Абдрахманова.
Жалпы тек екі тәулік ішінде тәртіп сақшылары есірткі әзірлеген үш азаматты қолға түсіріп, алты әкімшілік іс қозғап үлгеріпті. Есірткі қылмыстарының алдын алудың шұғыл шаралары 21 ақпанға дейін жалғаспақ.
Абзал Алпысбайұлы
Ақмола облысы

http://munara.kz