Жақын уақыттарда Пәкстанның бұрынғы президенті Парвез Мушарраф абақтыға қамалуы мүмкін. Оппозиция лидері Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар деген айып оны, шын мәнінде, жазықты ете ме, жоқ па, оны сот анықтай жатыр.
Бірақ жарты ғасырдан астам ел әскеріне басшылық жасап, кейін мемлекетті басқарған Парвез Мушарраф қазіргі уақытта үйқамақта отыр. Егер тергеу барысы оны кінәлі деп тапса, жазасы да жеңіл болмайды. Оған 2006 жылы ұлтшыл лидер Акбар Бугтиді өлтірді және Жоғарғы соттың судьясын жазықсыз тұтқындады деп айып тағылуда. Үшінші сот Беназир Бхуттоның өліміне қатысты болайын деп тұр.
Қазір Исламабадта үйқамақта отырған Парвез Мушаррафқа қатысты сот 27 тамызда басталмақ.
Берік Бейсенұлы