Орталық Африканың шығысында шіркеу қызметкері болып жұмыс жасайтын Салим Микдад Ислам ғұламаларының арқасында асыл дінімізге бет бұрып, мұсылмандықты қабылдады. Ал, оның соңынан ерген 480 христиан дінін ұстанушылар да пастормен бірге кәлима айтып, мұсылман атанған.
Салим Микдад бұған дейін беделді шіркеу қызметкерінің бірі болған көрінеді. Ол шіркеуге келушілерге өзінің мұсылман болғанын айтып, Ислам діні жайлы түсіндіргеннен кейін 480 жан «Алладан басқа Тәңір жоқтығына, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның құлы әрі елшісі» екеніне куәлік келтіріп, асыл дініміздің жолына түскен.
http://www.muslim.kz/