Канада мемлекеті халал өнімдердің қаншалықты шариғат талаптарына сай екенін анықтап, аталмыш тауардың аты затына сай екенін білдіру мақсатында жаңа ереже енгізді. Енді ереже бойынша тауар қаптамасындағы, жарнама материалдарындағы өнімге халал сертификатын берген ұйымның немесе заңды тұлғаның аты-жөні жазылып тұратын болады.
Ал, өнімнің халал екенін растайтын сертификат бақылау агентігінің барлық талаптарына сай болуы тиіс. Олай болмай шыққан жағдайда Канаданың азық-түлік инспекциясының қатаң жазасына ұшырайтын болады.
Аталмыш талаптар 2014-жылы даярланып қойған көрінеді. Сол кезден бастап барлық компанияларға халал сертификатын иелену үшін тексеруден өтуге мүмкіндік берілген.
http://www.muslim.kz/