АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Протон құлап, гептил төгілсе, Мұсабаевтан ұят кетеді…

талга«Қазғарыш» агенттігінің төрағасы, Халық қаһарманы  — Талғат Мұсабаев баспасөз өкілдерімен кездесуі кезінде «КТК» арнасының журналисi
Ербол Сейілханды орысша (шет тілі) балағаттап, кеудесінен итергенімен қоймай, жер-жебіріне жетіп, ұрысты.

Журналисттің кінәсі жоқ. Оған әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан видео дәлел бола алады.Міне, «Қазғарыш» төрағасының тәрбиесінің көрінісі! Қарапайым мәдениет пен этикадан жұрдай адамға не деуге болады? Мүмкін, айға барып келгендердің ара-тұра ақылынан адасып (бәрі емес, әрине), халқына қарсы балта ала жүгіретін әдеті ме екен?! Енді, қанша дегенмен аспаннан түскен адамдар ғой. Жердегілерді, соның ішінде журналисттерді менсінбейтін шығар…

Бәрін қойшы, журналисті орысша балағаттап «әлдеқайда апарып тастаған» Мұсабаев өз қылығына тіпті қымсынбайтын секілді.

Талғат мырзаның бұл қылығы Үкіметтің ел алдындағы өзі аз беделін одан әрмен жұрдай қылды.

Abai.kz